Бүгін "Маңғыстау Медиа" ЖШС мен "Біз адамбыз - біз біргеміз" қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен "Аяз атаға хат" акциясы өтті. Акция аясында ғажайыпқа сеніп, хат жазған балаларға сыйлық табысталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аяз атаға мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасының балалары хат жазған. Олар тәттіге толы сыйлықтардан бастап машина, гитара, теледидар, ұялы телефон, велосипед және ойыншықтарды сұраған.
Акцияға қатысқан балалардың бірі мүмкіндігі шектеулігі 13 жастағы Асқар. Ол Аяз атадан гитара сұраған. Айтуынша, жастайынан өнерге, ән айтуға қызыққан. Ал сыйға алған гитарасы енді арманға жетуге шабыт сыйлайтыны анық.
Тілегі орындалған балалар ерекше қуануда. Қуаныштан көзіне жас алған ата-аналары да өз алғысын білдіріп жатыр.
"Маңғыстау Медиа" ЖШС басшылығы акцияға атсалысып, қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіреді: @madeniet_mangystau, @anvar.chess, @asem_batrbaevna, @kuralay_utkelbayeva, @alya.askarovna , @milenkapenner, @golrokh_zhemeney, @leilusha.v, @lei09071982, @farizajauynbai, @gulmira_oljas, @dilionorakrasnova, @mair.o.sh, @93mereke9393, буруновкелинберди, @shara_koblandy. Сондай-ақ балаларға арналған жаңажылдық кешті ұйымдастырғаны үшін @Mi_ludi_mi_vmeste және шырша үшін @Prestigeaktau алғысымызды білдіреміз.